Өскеменде мұзайдын жанжалында 15 жастағы үш жасөспірім соққыға жығылды: іс қозғалды
Өскемендегі «Комендантка» мұзайдында 15 жастағы үш жасөспірім соққыға жығылды. Полиция іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.

Өскеменде 15 жастағы үш жасөспірімді колледжде оқитын жігіттер тобы ұрып-соқты деген ақпарат тарады. Оқиға 23 желтоқсан күні шамамен сағат 17:00-де қаладағы «Комендантка» демалыс аймағындағы мұзайдын маңында болған.
Бұл туралы Todayinfo порталы хабарлайды.
Жәбірленушілердің бірінің анасы жағдайды әлеуметтік желідегі жергілікті паблик арқылы бүгін ғана жариялаған. Айтуынша, жасөспірімдерді бірнеше адам жабылып ұрып, бет тұсынан жарақат салған, мұрын сүйегі сынған, миы шайқалған болуы мүмкін деген күдік бар.
Сондай-ақ куәгерлердің көзінше жерде жатқан баланы тепкілегені айтылды. Оқиға болған сәтте мұзайдын маңында ересектер де коньки теуіп жүрген, прокат пункті жұмыс істеген.
Related

News
Еуропарламентте Қазақстанның саяси реформалар жолындағы жетістіктері туралы айтылды
Жаннұр Еділбаева·

News
В Европейском парламенте отметили прогресс Казахстана на пути политических реформ
Жаннұр Еділбаева·

News
Молодежь и креаторы Алматы одними из первых получили специальное издание новой Конституции от Президента
Жаннұр Еділбаева·

News
Экологические слушания по новому Генплану Алматы пройдут 30 июня
Жаннұр Еділбаева·