@saule_taskozha♬ orijinal ses - ꧁●⃝❤️ YALNIZ~KRALİCA●⃝👑꧂
Оқушыларды қалдықтармен тамақтандыра ма? Алматыда шу шықты (ВИДЕО)
Алматы қаласындағы №67 мектептің асханасында оқушыларға сапасыз тағам ұсынылуы мүмкін деген күдік туындады. TikTok-та жарияланған видео дауы тудырды Алматылық тұрғын Сәуле Тасқожа өзінің TikTok парақшасында мектеп асханасының қызметкерлерінің әрекетін әшкерелеген бейнежазба жария

Алматы қаласындағы №67 мектептің асханасында оқушыларға сапасыз тағам ұсынылуы мүмкін деген күдік туындады.
TikTok-та жарияланған видео дауы тудырды
Алматылық тұрғын Сәуле Тасқожа өзінің TikTok парақшасында мектеп асханасының қызметкерлерінің әрекетін әшкерелеген бейнежазба жариялады. Онда жаңадан тартылған еттің бұрыннан мұздатқышта сақталған етпен араластырылып жатқан сәті көрсетілген.
«Оқушыларға ұсынылған тағамның көбісі қалдыққа кетіп жатыр. Бұл олардың тамақты жемеуінен болуы мүмкін. Әлде тағамның сапасы нашар ма?» – дейді бейнероликте пікір білдірген ата-аналардың бірі.
Арызданушының айтуынша, қысым көрсетілген
Сәуле Тасқожаның айтуынша, бейнежазба жарияланғаннан кейін мектеп басшылығы тарапынан оған бірнеше рет қоңырау шалынып, қорқытқан.
Құзырлы органдардың араласуы күтілуде
Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Жергілікті білім басқармасы мен санитарлық қызметтің бұл мәселеге қатысты ресми мәлімдеме жасауы күтілуде.
Related

News
Осы демалыста отандық спортшылар халықаралық жарыстарда 19 медаль жеңіп алды
Жаннұр Еділбаева·

News
Транспорт, логистика, ГМК и торговля: Серик Жумангарин обсудил перспективы сотрудничества с руководством Афганистана
Жаннұр Еділбаева·

News
Көлік, логистика, ТМК және сауда: Серік Жұманғарин Ауғанстан басшылығымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады
Жаннұр Еділбаева·

News
Әдепсіз әрекетін тоқтатпаған: Төреғали Төреәлінің саханаға, концертке шығуына тыйым салынды
Жаннұр Еділбаева·