Отбасының 11 баласы бар: Түркістан облысында үшем өмірге келді
№ 1 облыстық перинаталдық орталықта Шардара ауданының тұрғыны, 43 жастағы Орынкүл Нұрабаева үшем дүниеге әкеліп, 11 баланың анасы атанды, деп хабарлайды todayinfo.kz Ұлдардың салмағы – 2265 грамм, 2455 грамм, 2405 грамм. Үшемдер мезгілінен ерте туылғандықтан, дәрігерлердің қ

№ 1 облыстық перинаталдық орталықта Шардара ауданының тұрғыны, 43 жастағы Орынкүл Нұрабаева үшем дүниеге әкеліп, 11 баланың анасы атанды, деп хабарлайды todayinfo.kz
Ұлдардың салмағы – 2265 грамм, 2455 грамм, 2405 грамм. Үшемдер мезгілінен ерте туылғандықтан, дәрігерлердің қатаң бақылауына алынған. Қазіргі таңда ана мен нәрестелердің жағдайы жақсы. Бүгін сәбилер мен анасы перзентханадан үйлеріне шығарылды.
Жалпы өңірде биылғы жылдың 6 айында 22 638 бала дүниеге келген. Облыста 22 перзентхана қызмет көрсетеді. Босандыру ұйымдарында 319 акушер-гинеколог, 89 неонатолог, 101 анестезиолог-реаниматолог жұмыс істейді. 165 акушер-гинеколог ота жасау дағдыларын меңгерген.
Фото: Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Related

News
Семейде үлескерлердің ақшасын заңсыз тартқан құрылыс компаниясы басшылары сотталды
Жаннұр Еділбаева·

News
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша тергеу тәмамдалды
Жаннұр Еділбаева·

News
Перуашев объявил об уходе с поста лидера партии «Ак жол»
Жаннұр Еділбаева·

News
Ақмола облысында ер адам бұрынғы сүйіктісін ұрып өлтірді
Жаннұр Еділбаева·