Парижде тұратын қазақ жігіті «Kiz Jibek» әтірін нарыққа шығарды
Қытайдың Іле өңірінде туған, қазір Парижде тұратын Нұржан Төлеген қазақ мәдениетін әлемге таныту мақсатында «Tolegen Paris» брендімен «Kiz Jibek» люкс санаттағы парфюмериялық өнімін жарыққа шығарды, деп хабарлайды todayinfo.kz Ухань университетінде, сондай-ақ АҚШ, Германия, Франц

Қытайдың Іле өңірінде туған, қазір Парижде тұратын Нұржан Төлеген қазақ мәдениетін әлемге таныту мақсатында «Tolegen Paris» брендімен «Kiz Jibek» люкс санаттағы парфюмериялық өнімін жарыққа шығарды, деп хабарлайды todayinfo.kz
Ухань университетінде, сондай-ақ АҚШ, Германия, Францияның жетекші оқу орындарында білім алған Нұржан сән индустриясында өз орнын тауып, алғашқы өнімін қазақтың әйгілі «Қыз Жібек» жырына арнады.
2021 жылы Қазақстанға алғаш келген сапарында қазақ аруларының сұлулығы мен көшпелі мәдениетінің үйлесімін бейнелейтін бірегей иіссу жасау идеясы туған. Жобаны іске асыруға екі жыл уақыт кеткен.
Өнім 12 мамырда Францияда сатылымға шықты. Қазір иіссу брендтің ресми сайтында және бірнеше люкс парфюмерия дүкендерінде сатылуда, Еуропаның 27 еліне жеткізіледі. Бағасы – 180 еуро (шамамен 90 мың теңге). Алдағы уақытта Қазақстанда да сату жоспарланған.
Нұржан Төлеген болашақта қазақ әдебиетінің тағы бір кейіпкеріне арналған жаңа иіссу, сондай-ақ ұлттық нақыштағы киім-кешек, сағат, әшекей бұйымдар шығаруды көздейді. Оның айтуынша, басты мақсат – сән тілі арқылы қазақ мәдениетін әлемге таныту.
Фото: gov.kz
Related

News
Семейде үлескерлердің ақшасын заңсыз тартқан құрылыс компаниясы басшылары сотталды
Жаннұр Еділбаева·

News
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша тергеу тәмамдалды
Жаннұр Еділбаева·

News
Перуашев объявил об уходе с поста лидера партии «Ак жол»
Жаннұр Еділбаева·

News
Ақмола облысында ер адам бұрынғы сүйіктісін ұрып өлтірді
Жаннұр Еділбаева·