Todayinfo.kz
NewsView all articles

Қазақ тілін керек қылмаған Qazaq coffee қайда кетті?

Фото: 2GIS Астанада келушіге қазақ тілінде мәзір бермеген дәмхана жабылған. Бүгінде оның кеңсесі бос тұр, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Тикток желісінде кофехана орналасқан ғимаратты жалға берген кәсіпкер кәсібінің тоқтап қалғанын айтқан. «Бизнес жабылды, кеңсе бос

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Қазақ тілін керек қылмаған Qazaq coffee қайда кетті?
Фото: 2GIS Астанада келушіге қазақ тілінде мәзір бермеген дәмхана жабылған. Бүгінде оның кеңсесі бос тұр, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Тикток желісінде кофехана орналасқан ғимаратты жалға берген кәсіпкер кәсібінің тоқтап қалғанын айтқан.
«Бизнес жабылды, кеңсе бос, мен жалға алушысыз қалдым. Мен Qazaq Coffee иесі емеспін, мен тек кеңсенің иесімін. Кешеден бері ғимаратты қайтадан өзіме алдым, сондықтан енді ол жалға беріледі. Бұл жердің ауданы –  47-48 шаршы метр. Егер қызықтырса, менің жекеме шығыңыздар», - дейді жалға беруші.
Бірнеше ай бұрын Астанадағы Qazaq coffee мейрамханасының басы дауға қалған болатын. Кофехана қызметкері қазақ тілінде ас мәзірін сұраған келушінің өтінішін орындамай қойған. Ашынған халық 2GIS қосымшасында ғимаратқа жағымсыз пікір қалдырған. Артыша кофехана жабылды.

Related

Қазақ тілін керек қылмаған Qazaq coffee қайда кетті? · Todayinfo