Todayinfo.kz
NewsView all articles

Қонаевта Алғыс айту күніне орай «Қайырымдылық керуені» өтті

1 наурызда Қонаев қаласында Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Қайырымдылық керуені» атты игі шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Акция аясында еріктілер қалалық перзентханаға барып, 1 наурызда дүние есігін ашқан

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Қонаевта Алғыс айту күніне орай «Қайырымдылық керуені» өтті
1 наурызда Қонаев қаласында Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Қайырымдылық керуені» атты игі шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Акция аясында еріктілер қалалық перзентханаға барып, 1 наурызда дүние есігін ашқан сәбилер мен олардың ата-аналарына арнайы сыйлықтар табыс етті. Сонымен қатар, көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға материалдық көмек көрсетіліп, мұқтаж жандарға арналған қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Еріктілер киім-кешек, азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттарды жинап, мұқтаж отбасыларға үлестірді.
– Алғыс айту күні – жақсылықтың қарапайым игі істерден басталатынын еске салатын күн. Осындай бастамалар қоғамды одан әрі біріктіріп, ізгілікке бастайды, – деді КММ «Қоғамдық келісім және даму орталығының» басшысы Абай Елбосын.
Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері бұл игі дәстүрді жалғастырып, алдағы уақытта басқа қалаларда да осындай қайырымдылық акцияларын өткізуді жоспарлап отырғандарын жеткізді.

Related

Қонаевта Алғыс айту күніне орай «Қайырымдылық керуені» өтті · Todayinfo