«ҰЗЫНАҒАШ – ОТАР» автожолы пайдалануға берілді
Алматы облысында “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” халықаралық көлік дәлізінің соңғы кезеңі болып табылатын «Ұзынағаш – Отар» (101–143 км) учаскесі ашылды, деп хабарлайды Todayinfo. Бұл — тек жол құрылысын аяқтау ғана емес, Жамбыл ауданы мен жалпы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы

Алматы облысында “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” халықаралық көлік дәлізінің соңғы кезеңі болып табылатын «Ұзынағаш – Отар» (101–143 км) учаскесі ашылды, деп хабарлайды Todayinfo.
Бұл — тек жол құрылысын аяқтау ғана емес, Жамбыл ауданы мен жалпы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін беретін маңызды дәліз. Ұзындығы 42 шақырым болатын учаскенің құрылысы 2024–2025 жылдары жүзеге асырылды. Бас мердігер — KLV Insaat Anonim Sirketi, техникалық қадағалаушы — Donsung Engineering компаниясы. Құрылыста 1,3 млн текше метр жер төсемі, 42 км қосымша ПГС қабаты, барлық жол қабаттары салынды. Мосттар мен су өткізу құрылыстары толық аяқталды. Жобада 163 техника бірлігі, 290 маман, 2 асфальт-бетон зауыты жұмыс істеді.
Қазіргі таңда жол бойындағы қозғалыс төрт жолақты бағытта толық ашылды. Соңғы кезеңдегі жұмыстар — жол белгілерін орнату, барьерлік қоршаулар мен жол сызықтарын салу — аяқталуға жақын.
Жаңа жол — өңірдің инвестициялық әлеуетін арттырып, туризм мен кәсіпкерліктің дамуына, ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау логистикасын жақсартуға зор мүмкіндік береді.
Ашылу рәсімінен кейін алғашқы автопробег өтіп, жол пайдалануға ресми түрде берілді.
Related

Almaty Region
Алматы облысы мен Қытайдың Цзянсу провинциясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
Айдар Керім·

Almaty Region
Райымбек ауданының 90 жылдығына тарту: биыл 156 отбасы баспаналы болуы мүмкін
Жаннұр Еділбаева·

Almaty Region
В Алматинской области впервые посеяли лён
Жаннұр Еділбаева·

Almaty Region
Алматы облысында алғаш рет кендір дақылы егілді
Жаннұр Еділбаева·