Todayinfo.kz
WorldView all articles

Венесуэлада әйел сәбиін үйінді астында босанған

Екеуі де дін аман.

By Айғаным Нариманова··1 min read
Венесуэлада әйел сәбиін үйінді астында босанған
📷 видео скриншот

Венесуэла астанасындағы зілзаладан кейін үйінді астында қалған әйел аман-есен босанды. Бұл туралы Firstpost басылымы жазды, деп хабарлайды Todayinfo.kz.

«Анасы да, нәресте де дін аман. Бұл оқиға көпшілікке үміт сыйлады. Құтқарушылар қираған аумақтардан тірі қалған адамдарды іздестіруді жалғастырып жатыр», – деп хабарлады басылым.

Құтқарушылар тобы оқиға орнында ана мен балаға шұғыл медициналық көмек көрсетіп, оларды жақын маңдағы ауруханаға жеткізген. Қазір екеуі ем қабылдап жатыр. Мамандар бұл жағдайды «ғажайыпқа» балап отыр.

El Mundo басылымы желіде әйелдің үйінді арасында сәбиді құшағына алған видеосын жариялады. Ол болашақ анаға сәбиін босануға көмектескен. Басылымның хабарлауынша, жүкті әйелдің толғағы басталған кезде еріктілер оны тапқан.

Венесуэлада жер сілкінісі 24 маусым күні кешке болды. Елде магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі қуатты жер асты дүмпуі тіркелді.

Related