Желіде танымал әзілкеш, актер Тұрсынбек Қабатовтың ұлттық киім киіп, бата берген видеосы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Видеода өнер иесі оюлы шапан киіп, мейрамханаға ақ батасын береді.

– "Сандық" мейрамханасы жасасын. Қандай керемет мейрамхана. Қазақы нақыштағы осындай орындар көбейе берсін. Шүкір, Аллаһу акбар», – дейді Тұрсынбек Қабатов.

Алайда желі қолданушыларының бір бөлігі бұл видеоға оң көзқарас танытпады. Пікір қалдырушылардың арасында әзілкештің батасына да, жарнамалық сипаттағы видеосына да сын айтқандар көп болды.

Желіде: «Сен бата бермей-ақ қойшы», «Өз балаларына бата бере алмаған адам жұртқа бата бермесін», «Төрт қатар бата жаттап алса қайтеді» деген сарындағы пікірлер жиі жазылған.