6 жасар жиенін өлтірген шымкенттік әйел 20 жылға бас бостандығынан айырылды
Фото: Shutterstock Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-нің 99-бабының 3-бөлігімен (жас баланы өлтіру) айыпталған Қ.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Сот анықтағандай, Қ. 2024 жылдың

Фото: Shutterstock
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-нің 99-бабының 3-бөлігімен (жас баланы өлтіру) айыпталған Қ.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Сот анықтағандай, Қ. 2024 жылдың маусым айында Шымкент қаласы, Ақпан батыр көшесі бойында орналасқан жалдамалы пәтерінде өзінің туған әпкесі М.-нің 2018 жылы туған қызы Е.-нің ұйқысынан оянып, айқайлай бастағанына ашуланып, жасөспірімнің аяқ-қолын біріктіріп байлап, ұрып-соғып, еденге құлатқан, соның салдарынан жасөспірім есінен танып құлаған.
Сосын ваннаға су толтырып, қызды тұншықтырып, қасақана өлтірген.
Сот тұжырымы сотталушының жауаптарымен, жәбірленуші өкілінің жауаптарымен, сот сараптама қорытындыларымен, заттай дәлелдемелер жиынтығымен және істегі дәлелдермен бекітілді.
Прокурор Қ.-ға 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраса, жәбірленушінің өкілі сотталушыға кешірім бергенін және қатаң жаза тағайындамауды сұрады.
Осылайша, сот Қ.-ны ҚК-тің 99-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Жазаны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеу белгіленді. Үкім заңды күшіне енген.
Related

News
Әкелер күні мерекесіне орай футболдан шеберлік сабақ өтті
Жаннұр Еділбаева·

News
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Прокурор Zeekr жүргізушісін 10 жылға соттауды сұрады
Айғаным Нариманова·

News
В Туркестанской области пресечена деятельность преступной группы
Жаннұр Еділбаева·

News
Алматыдағы жол апаты: Жәбірленуші тарап күдіктіден 100 млн теңге талап етті
Айғаным Нариманова·