Todayinfo.kz
NewsView all articles

 «87 лауазымды орын бос»: Жоғары Сот Кеңесі әділ шешім шығаратын судьяларға конкурс жарияланды

Фото: ortcom Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жаңадан құрылған кассациялық соттар судьяларының бос лауазымдарына конкурс жариялады. Қазіргі уақытта 3 кассациялық сотта 87 судьяның орыны бос тұр, деп хабарлайды Todayinfo. Жоғары Сот Кеңесінің мәліметінше, қылмыстық істе

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
 «87 лауазымды орын бос»: Жоғары Сот Кеңесі әділ шешім шығаратын судьяларға конкурс жарияланды
Фото: ortcom Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жаңадан құрылған кассациялық соттар судьяларының бос лауазымдарына конкурс жариялады. Қазіргі уақытта 3 кассациялық сотта 87 судьяның орыны бос тұр, деп хабарлайды Todayinfo. Жоғары Сот Кеңесінің мәліметінше, қылмыстық істер мен азаматтық дауларды қарайтын судьяларға орын көп. - Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот – 39 бос орын; - Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот – 29 бос орын; - Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот – 19 бос орын.
«Кассациялық соттардың судьялары үшін конкурсқа қатысуға «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сәйкес келетін азаматтар жіберіледі», - делінген ҚР Жоғары Сот Кеңесінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Еске салайық, 2024 жылдың 27 желтоқсанда ҚР Президентінің Жарлығымен Астана қаласында 3 кассациялық сот (азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша) құрылды, олар өз жұмысын 2025 жылғы 1 шілдесінен бастайды.

Related

 «87 лауазымды орын бос»: Жоғары Сот Кеңесі әділ шешім шығаратын судьяларға конкурс жарияланды · Todayinfo