Todayinfo.kz
NewsView all articles

Алматыда бір ай бойы таза қала акциясы өтеді

1 наурыз бен 1 сәуір аралығында Алматыда «Таза Қазақстан » бағдарламасы аясында «Алматы – біздің ортақ үйіміз » атты ауқымды экологиялық науқан өтуде . Бұл бастаманың негізгі мақсаты – қала тазалығын қамтамасыз ету арқылы оның экологиялық жағдайын жақсарту және тұрғындардың қорша

By Мейіржан Әуелханұлы··2 min read
Алматыда бір ай бойы таза қала акциясы өтеді

1 наурыз бен 1 сәуір аралығында Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты ауқымды экологиялықнауқан өтуде. Бұл бастаманың негізгі мақсатықала тазалығын қамтамасыз ету арқылы оныңэкологиялық жағдайын жақсарту жәнетұрғындардың қоршаған ортаға дегенжауапкершілігін арттыру.

Науқан бір айға жалғасатындықтан, әр аптағаарнайы іс-шаралар жоспары әзірленген:

«Таза көшелер» (1-9 наурыз) – аялдамаларды, жол белгілерін тазарту, қоқыс жәшіктерін орнату, магистральдарды абаттандыру.

«Таза саябақтар, скверлер мен таулар» (10-16 наурыз) – табиғи аумақтарда сенбіліктерұйымдастыру, қоқыс жинау жұмыстары.

«Таза аулалар» (17-23 наурыз) – аула аумақтарын, балалар және спорт алаңдарынтазалау, абаттандыру элементтерін сырлау жәнекөгалдандыру. Сонымен қатар, «Үздік аула», «Үздік аула сыпырушы», «Үздік бау-бақша» конкурстары өтеді.

«Біздің қалабіздің мақтанышымыз» (24 наурыз – 1 сәуір) – ескерткіштерді абаттандыружәне жаппай ағаш отырғызу.

Алматы қаласының әкімдігі тұрғындарды «Алматы – біздің ортақ үйіміз» экологиялық науқанынабелсенді қатысуға шақырады.

«Үздік коммуналдық қызметкер» байқауы

Науқан аясында Алматы әкімдігі коммуналдықсалада еңбек ететін үздік қызметкерлерді анықтаумақсатында «Үздік коммуналдық қызметкер» байқауын жариялады.

Байқаудың мақсатықала тұрғындарының өмірсүру жағдайларын жақсарту, коммуналдық қызметсапасын арттыру және осы саладағы біліктімамандарды ынталандыру. Оған көшетазалаушылары, құрылысшылар, электрменқамтамасыз ету саласының мамандары және басқада коммуналдық қызмет өкілдері қатыса алады. Байқау жеңімпаздары арнайы марапаттар мен алғысхаттарға ие болады.

Әкімдіктің мәлімдеуінше, мұндай шаралар Алматы қаласының коммуналдық қызмет саласын дамытуғажәне экологиялық жағдайын жақсартуға оң әсеретеді. «Үздік коммуналдық қызметкер» байқауы – Алматы тұрғындарының өмір сапасын арттыруғабағытталған бірқатар жобалардың құрамдас бөлігі.

Алматы әкімдігі қала тұрғындарын осы маңыздышараға белсенді қатысуға шақырады жәнекоммуналдық саланың үздік қызметкерлерініңесімдерін жариялауды асыға күтеді.

Related