Ақмола облысының Целиноград ауданындағы Қызылжар ауылы маңында екі жасөспірімнің өмірін қиған қайғылы оқиға болды.
Алдын ала мәліметке сәйкес, отбасы демалыс күндерін табиғат аясында өткізу үшін жергілікті жасанды су қоймасына барған. Түнегеннен кейін таңертең балалар суға шомылып, құрғақ киімдерін ауыстыру үшін жағалауда тұрған көлікке отырған.
Сол сәтте автокөлік күтпеген жерден орнынан қозғалып, еңіспен төмен қарай сырғып, суға құлаған.
Оқиға санаулы секунд ішінде болған. Балалардың әкесі дереу көмекке ұмтылғанымен, көліктің есігін аша алмаған және әйнегін сындыра алмаған. Соның салдарынан көлік су түбіне кетіп, 8 және 12 жастағы екі қыз оқиға орнында көз жұмды.
Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.




