Todayinfo.kz
Astana

Астанада 380 млрд теңгелік жаңа инвестициялық жобалар іске асады

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елорданың дамуына жеке инвестициялар тарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. «Біз елорданың дамуына жеке инвестициялар тарту жұмысын жүйелі түрде жүргізіп келеміз. Бұл тек әлеуме

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Астанада 380 млрд теңгелік жаңа инвестициялық жобалар іске асады

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елорданың дамуына жеке инвестициялар тарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды.

«Біз елорданың дамуына жеке инвестициялар тарту жұмысын жүйелі түрде жүргізіп келеміз. Бұл тек әлеуметтік инфрақұрылымға ғана емес, сол сияқты өңдеу өнеркәсібі, логистика, көлік және экономиканың басқа да негізгі салаларындағы жобаларға бағытталған», – деді әкім.

Оның айтуынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Астана экономикасына шамамен 2,5 трлн теңге көлемінде рекордтық инвестиция тартылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 21,3%-ға жоғары.

«Бұл көрсеткіштердің артында жаңа жұмыс орындарын ашу, өндірістік қуаттарды кеңейту, қалалық инфрақұрылымды дамыту және елорданың инвестициялық тартымдылығын арттыру жұмысы жатыр», – деді Жеңіс Қасымбек.

Инвестициялық штабтың кезекті отырысында инвесторлардың бірқатар ұсыныстары қаралған. Олардың қатарында 3 мың оқушыға арналған халықаралық мектеп, серверлік жабдықтар шығаратын зауыт, футбол академиясы және басқа да жобалар бар.

«Арнайы назар 960 орындық деректер өңдеу орталығы және Tier IV сенімділік деңгейіндегі деректер орталығы сияқты жобаларға аударылды. Жоба жалпы қуаты 100 МВт-қа дейінгі маңызды IT жүйелерін орналастыруға арналған инфрақұрылым құруды көздейді. Оның бірінші кезеңін 2027 жылы іске қосу жоспарланып отыр», – деді әкім.

Оның сөзінше, бұл бастамалар елорданың аймақтық цифрлық хаб ретіндегі позициясын нығайтуға ықпал етеді.

Инвестштабта ұсынылған жобалардың жалпы инвестициялық көлемі 380 млрд теңгеден асады. Оларды іске асыру 2026–2031 жылдарға жоспарланған.

«Осы жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 1200-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады», – деді Жеңіс Қасымбек.

Қала әкімдігі аймақтық инвестициялық штаб отырыстары тұрақты түрде өткізіліп, инвесторларға жобаларды іске асырудың барлық кезеңінде жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Фото: Астана әкімдігі

Related