Todayinfo.kz
Astana

Астанада «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында түнгі рейд өтті

Астананың Сарыарқа ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған кезекті түнгі рейд өтті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Іс-шараны Сарыарқа аудандық полиция басқармасы жергілікті атқарушы органдар

By Айғаным Нариманова··2 min read
Астанада «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында түнгі рейд өтті

Астананың Сарыарқа ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған кезекті түнгі рейд өтті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараны Сарыарқа аудандық полиция басқармасы жергілікті атқарушы органдармен, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп ұйымдастырды. Рейд барысында құқық қорғау органдары түнгі клубтар, орталық саябақ, сауда және ойын-сауық орталықтары мен компьютерлік клубтарды тексерді.

Негізгі мақсат – балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың қатысуымен немесе оларға қатысты құқықбұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ белгіленген уақыттан кейін кәмелетке толмағандардың ата-анасыз немесе заңды өкілдерінсіз қоғамдық орындарда жүруіне жол бермеу.

Астана қаласы Сарыарқа ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Қасымжомарт Бейсенбай рейд барысында бірқатар маңызды бағыттарға ерекше назар аударылғанын атап өтті.

Оның айтуынша, шара кезінде құқықбұзушылықтардың алдын алу, есірткі құралдарының заңсыз айналымын және кальян өнімдерін тұтыну деректерін анықтау, полиция есебінде тұрған тұлғаларды тексеру, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз сыртта жүру фактілерін анықтау жұмыстары жүргізілген.

«Мұндай рейдтік іс-шаралар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, азаматтардың қауіпсіздігін сақтауға және заңға бағынатын қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі», – деді ол.

Айта кетейік, осындай профилактикалық шаралар елордада тұрақты түрде өткізіліп, құқықбұзушылықтың алдын алуға ықпал етуде.

Related