Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларView all articles

Батыс Қазақстанда екі полицей қызмет барысында қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында екі полиция қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов көңіл айтты.

By Айдар Керім··1 min read
Батыс Қазақстанда екі полицей қызмет барысында қаза тапты
📷 Сурет: dalanews.kz

Батыс Қазақстан облысында екі полиция қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz сайты.

Министр Instagram парақшасында марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

«Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті Тасқала аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері – полиция майоры Абзал Үмбетқалиев пен полиция аға сержанты Нұрғали Әдиетовтің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын», – деп жазды Ержан Сәденов.

Сондай-ақ ІІМ басшысы ведомство қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтті.

Related