Астанада өмірден өткен Ербаян Мұхтармен қоштасу рәсімі өтеді.
Жақындарының мәлімдеуінше, жаназа намазы 26 маусым күні сағат 10:00-де Астанадағы «Шейх Кунта қажы» мешітінде (Мұса Жәлил көшесі, 93) оқылады.
Марқұмды еске алуға арналған құдайы ас 25 маусым күні сағат 19:00-де «Гауһартас» банкет залында (Серкебаев көшесі, 11) берілді.
Ал қоштасу рәсімінен кейін, 26 маусым күні сағат 11:00-де Карбышев көшесі, 50 мекенжайында марқұмның асы өтеді.
Еске салайық, Ербаян Мұхтар Алматыдағы Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген кезде, 2023 жылдың желтоқсан айында ауыр бас-ми жарақатын алып, комаға түскен болатын.
Әскери бөлім өкілдерінің мәліметінше, сарбаз дәретханада құлап, басын кафельге соққан. Алайда ауруханаға жеткізілгеннен кейін дәрігерлер оған ауыр бас-ми жарақатын, жедел субдуралды гематоманы, шүйде сүйегінің сынуын және басқа да ауыр зақымдарды анықтаған. Ербаян бірнеше күрделі операцияны бастан өткеріп, сал болып қалған еді.




