Todayinfo.kz
SocietyView all articles

Бүгін елімізде +41 градусқа дейін ыстық болады

26 маусымда елдің бірқатар өңірінде жаңбыр, найзағай, бұршақ пен қатты жел күтілсе, оңтүстік облыстарда аптап ыстық сақталады

By Айдар Керім··2 min read
Бүгін елімізде +41 градусқа дейін ыстық болады
📷 Фото: © istockphoto.com

Бүгін, 26 маусым күні Қазақстанда жаздың аптап ыстығы сақталады. Елдің оңтүстігінде ауа температурасы +35...+41 градусқа дейін көтеріледі. Өңірлердің басым бөлігінде күндізгі температура +25 градустан жоғары болады, деп хабарлайды «Қазгидрометке» сілтеме жасаған Todayinfo.kz.

Астанада құбылмалы бұлтты. Түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +30...+32 градус.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +31...+33 градус.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +36...+38 градус.

Ақтөбеде бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз кей уақытта нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл тұрып, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +24...+26 градус.

Ақтауда құбылмалы бұлтты. Таңертең және күндіз кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +25...+27 градус.

Атырауда құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +27...+29 градус.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +32...+34 градус.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +27...+29 градус.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты. Күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +27...+29 градус.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +33...+35 градус.

Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +28...+30 градус.

Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +23...+25, күндіз +36...+38 градус.

Павлодарда құбылмалы бұлтты. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +32...+34 градус.

Петропавлда құбылмалы бұлтты. Түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +25...+27 градус.

Семейде құбылмалы бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрып, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +28...+30 градус.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +34...+36 градус.

Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +35...+37 градус.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +22...+24, күндіз +39...+41 градус.

Оралда құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +25...+27 градус.

Өскеменде құбылмалы бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +26...+28 градус.

Related

Бүгін елімізде +41 градусқа дейін ыстық болады · Todayinfo