Todayinfo.kz
NewsView all articles

ChatGPT жұмысында жаһандық ақау орын алды

ChatGPT жұмысында ақау орын алды. Бұл туралы Downdetector деректері куәландырады, деп хабарлайды Todayinfo.kz тілшісі. Сайттың мәліметтері бойынша, сағат 16:52-де (Қазақстан уақыты бойынша) Open AI сервистерінің жұмысындағы ақауға 4 мыңнан астам шағым түскен. Шағымдардың 92 пайыз

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
ChatGPT жұмысында жаһандық ақау орын алды

ChatGPT жұмысында ақау орын алды. Бұл туралы Downdetector деректері куәландырады, деп хабарлайды Todayinfo.kz тілшісі.

Сайттың мәліметтері бойынша, сағат 16:52-де (Қазақстан уақыты бойынша) Open AI сервистерінің жұмысындағы ақауға 4 мыңнан астам шағым түскен. Шағымдардың 92 пайызы ChatGPT жұмысына қатысты.

Түсініктемелерге қарағанда, пайдаланушылардың көпшілігінде ChatGPT қосымшасы жұмыс істемейді.

Сұрау жіберу әрекеті кезінде ChatGPT қате шығарады.

ChatGPT АҚШ пен Еуропа елдерінде жұмыс істемейді. Қазақстан пайдаланушылары да сервистің жұмысындағы мәселемен бетпе-бет келді.

Естеріңізге сала кетейік: желтоқсанда OpenAI компаниясының сервисіне кіру мәселелеріне АҚШ-тан, сондай-ақ кейбір еуропалық елдерден, атап айтқанда Германия мен Нидерландыдан келген пайдаланушылар шағымданған болатын.

Related

ChatGPT жұмысында жаһандық ақау орын алды · Todayinfo