Назарбаевтың жиені Әлиев желіде пайда болды
Фото: instagram.com/imnurali Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені, олигарх Нұрәли Әлиев желіде пайда болды. Ол танымал ұлыбританиялық әнші Эд Ширанның концертіне барған, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Миллиардер әлеуметтік желідегі парақшасында концерттен бірнеше видео жари

Фото: instagram.com/imnurali
Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені, олигарх Нұрәли Әлиев желіде пайда болды. Ол танымал ұлыбританиялық әнші Эд Ширанның концертіне барған, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Миллиардер әлеуметтік желідегі парақшасында концерттен бірнеше видео жариялады. Танымал әнші Бутан корольдігінде жеке концертін өткізген.
Нұрәлі Әлиев жиі саяхаттап тұрады, люкс қонақүйлерде демалып, танымал адамдармен көп кездеседі. Әлемге танымал әртістердің концерттерінен де қалмайды.
Өткен жылдың наурыз айында ол Лас-Вегаста өткен U2 рок тобының концертінде болып қайтты. Қазан айында Әлиев БАӘ-дегі демалысының суреттерін жариялады.
Айта кетейік, Нұрәлі Әлиев – Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің тұңғыш баласы. Аида – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының бұрынғы төрағасы Берік Имашевтің қызы. Ол Швейцария мен АҚШ-та білім алған.
Қаңтар айындағы оқиғалардан кейін Назарбаевтың балалары мен немерелері Дубайға қоныс аударды.
Ақпарат көзі: Ulysmedia.kz
Related

News
В Туркестанской области пресечена деятельность преступной группы
Жаннұр Еділбаева·

News
Алматыдағы жол апаты: Жәбірленуші тарап күдіктіден 100 млн теңге талап етті
Айғаным Нариманова·

News
В Акмолинской области ликвидировали группу по незаконной продаже вейпов на 221 млн тенге
Жаннұр Еділбаева·

News
Тұтынушыға орысша жауап беру қиын ба?: белгілі мәдениеттанушы, ғалым Мұртаза Бұлұтай тіл дауына қатысты пікір білдірді
Айғаным Нариманова·