Todayinfo.kz
NewsView all articles

Қазақстанның бірнеше өңірінде қатты аяз бен тұман түседі

25 қаңтар, сенбі күні Қазақстанның кейбір өңірлерінде қатты аяз, тұман және күшті жел болады, – деп хабарлайды РМҚ «Қазгидромет». Ауа райы болжамы өңірлер бойынша Ақмола облысы 25 қаңтарда облыстың солтүстігі мен шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жете

By Мейіржан Әуелханұлы··2 min read
Қазақстанның бірнеше өңірінде қатты аяз бен тұман түседі
25 қаңтар, сенбі күні Қазақстанның кейбір өңірлерінде қатты аяз, тұман және күшті жел болады, – деп хабарлайды РМҚ «Қазгидромет».

Ауа райы болжамы өңірлер бойынша

Ақмола облысы 25 қаңтарда облыстың солтүстігі мен шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Алматы облысы Түнде және таңертең облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман болады. Солтүстік пен шығыста шығыс және оңтүстік-шығыс бағытындағы желдің жылдамдығы 18-23 м/с дейін жетеді. Солтүстік және таулы аудандарда түнгі ауа температурасы -23...-28°C. Алматы қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Қонаев қаласында желдің жылдамдығы 18-23 м/с дейін күшейеді. Жетісу облысы Түнде және таңертең шығыс және таулы аудандарда тұман болады. Солтүстік-шығыстан соққан жел 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с дейін күшейеді. Түнгі температура -25...-28°C. Талдықорғанда түнде -26...-28°C аяз күтіледі. Түркістан облысы Солтүстігінде және таулы аудандарда бұрқасын болады. Батыс, оңтүстік және тау бөктерінде тұман күтіледі. Солтүстіктегі және таулы аудандардағы желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Атырау облысы Түнде облыстың батысында тұман болады. Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында 24 қаңтар күні және 25 қаңтар бойы бұрқасын сақталады. Желдің екпіні 15-20 м/с, кейде 23 м/с жетеді. Жамбыл облысы 25-27 қаңтар аралығында облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде, сондай-ақ таулы аудандарда тұман болады. Солтүстік-шығыстан және солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с дейін жетеді. Тараз қаласында да тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысы 25 қаңтарда оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Петропавлда желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Қостанай облысы Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі, солтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Абай облысы Облыстың шығысы мен оңтүстігінде тұман болады. Солтүстікте және орталықта жел 15-20 м/с жылдамдыққа жетеді. Шығыс Қазақстан облысы Солтүстік пен шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыста желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Солтүстік пен шығыста түнде -40°C қатты аяз болады. Маңғыстау облысы Облыстың батысы мен оңтүстігінде көктайғақ күтіледі, ал батыс пен солтүстікте тұман болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Ақтауда түнде және таңертең тұман күтіледі. Қызылорда облысы Облыстың орталығы мен шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Ұлытау облысы Облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Related

Қазақстанның бірнеше өңірінде қатты аяз бен тұман түседі · Todayinfo