Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында сирек кездесетін жыртқыш аң камераға түсіп қалды (видео)

Фото: Видеодан кадр: instagram.com/sairam_ugam «Сайрам-Өгем» ұлттық паркінің аумағында қар барысы фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. «Фототұзақтар арқылы алынған бірегей бейнелер бұл сирек кездесетін аңның ұлттық парк аумағында бар екенін растай

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
«Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында сирек кездесетін жыртқыш аң камераға түсіп қалды (видео)
Фото: Видеодан кадр: instagram.com/sairam_ugam «Сайрам-Өгем» ұлттық паркінің аумағында қар барысы фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
«Фототұзақтар арқылы алынған бірегей бейнелер бұл сирек кездесетін аңның ұлттық парк аумағында бар екенін растайды. «Сайрам-Өгем» ұлттық паркінде қар барысының жүруі жабайы табиғатты сақтауға жағдай жасалғанын және парк қызметкерлері жүргізіп жатқан табиғатты қорғау шараларының жоғары тиімділігін дәлелдейді» - делінген «Сайрам-Өгем» ұлттық паркі желіде жариялаған видео сипаттамасында.
Ақпарат үшін: «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі — Түркістан облысының жерінде орналасқан. 2006 жылы ұйымдастырылған. Оған Түлкібас, Төле би және Қазығұрт аудандарының табиғаты ең көрікті жерлері енеді. Жер аумағы 149 мың га. Саябақты ұйымдастырудағы басты мақсат – Батыс Тянь-Шань тау жоталарындағы ғылыми тұрғыдан құнды табиғат байлықтарын қорғап қалу, қалпына келтіру және республикадағы экологиялық туризмді дамыту. Саябақ орманды дала биігінен биік таулы алқапқа дейінгі 7 табиғи белдемді қамтиды. Табиғат қорғау жұмыстарының ерекшеліктеріне байланысты жеке 3 аймаққа (қорықтық, туристік және шектеулі шаруашылық жұмыстары жүргізілетін) бөлінген. Саябақтың аумағы солтүстіктен оңтүстік бағыт бойынша 135 км-ге созылып жатыр. Саябақ жануарлар әлеміне де бай. Құстардың 300-ге жуық, сүтқоректілердің 60-тан астам түрі мекендейді. Өте сирек кездесетін жануардың бірі – көк суыр (қысқаша Мензбир суыры). Сондай-ақ арқар, жабайы шошқа, қоңыр аю, т.б. жануарлар да кездеседі. Саябақта тұрақты түрде “Табиғат жылнамасы” жүргізіліп отырады.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (@qazaqormany)

Related

«Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында сирек кездесетін жыртқыш аң камераға түсіп қалды (видео) · Todayinfo