Todayinfo.kz
NewsView all articles

Сенат Түркістанға Ерекше мәртебе беру туралы заңды мақұлдады

Түркістан қаласына ерекше мәртебе беріледі. Тиісті заң жобасын бүгін Сенат депутаттары мақұлдады. Енді шаһардың жергілікті өкілді органының, оның ішінде дизайн-кодты, қала құрылысы регламентін, өңірлік нышанды пайдалану тәртібін бекіту құзіреті өзгереді. Сондай-ақ, ерекше статуст

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Сенат Түркістанға Ерекше мәртебе беру туралы заңды мақұлдады
Түркістан қаласына ерекше мәртебе беріледі. Тиісті заң жобасын бүгін Сенат депутаттары мақұлдады. Енді шаһардың жергілікті өкілді органының, оның ішінде дизайн-кодты, қала құрылысы регламентін, өңірлік нышанды пайдалану тәртібін бекіту құзіреті өзгереді. Сондай-ақ, ерекше статуста Түркістанның төлқұжаты атанған Қожа Ақмет Ясауи кесенесі жайы да көрсетілген. Құжатқа сай кесене маңына биік ғимарат салуға тыйым салынады. Одан бөлек, қаланың тарихи-мәдени мұрасы объектілерін қорғау әрі пайдалануы ғылыми мамандармен жүзеге асады. Жаңа құжатқа сай, жер кодексі мен тағы 4 бірдей заң да толығады. Олардың бір парасы шаһардағы туризм саласын дамытуға бағытталған. Мәселен туристерге, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барлық инфроқұрылым қол жетімді болуы керек деп көрсетілді. https://www.youtube.com/live/wnGTAcbP4oc

Related

Сенат Түркістанға Ерекше мәртебе беру туралы заңды мақұлдады · Todayinfo