Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Грузия Премьер-министрін қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе бір біріне делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Грузияның әнұрандары шырқалды.




