Todayinfo.kz
NewsView all articles

Жантүршігерлік қылмыс: Атырауда зейнеткерді туысы өлтірген

Атырауда туысы зейнеткердің денесін бөлшектеп, өртеп жіберген деген ақпарат тарады, - деп хабарлайды todayinfo.kz тілшісі  "Ақ Жайық"  басылымына сілтеме жасап. Басылым мәліметінше, жантүршігерлік қылмыс 7 ақпанға қараған түні болған. "Дереккөздердің мәліметінше, оқиға

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Жантүршігерлік қылмыс: Атырауда зейнеткерді туысы өлтірген
Атырауда туысы зейнеткердің денесін бөлшектеп, өртеп жіберген деген ақпарат тарады, - деп хабарлайды todayinfo.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап. Басылым мәліметінше, жантүршігерлік қылмыс 7 ақпанға қараған түні болған.
"Дереккөздердің мәліметінше, оқиға орнынан бас сүйегінің бір бөлігі мен жамбас сүйегі табылған", - деп жазылған мәліметте.

Полиция пікірі

Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
"62 жастағы тұрғынды өлтірді деген күдікпен жәбірленушінің 35 жастағы туысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді полиция.

Бұған дейінгі оқиға

Еске салайық, 2025 жылы 19 қаңтарда Астанада 21 жастағы жігіт өз немере ағасын өлтіріп, үш туысын пышақтап жарақаттады. Алдын ала мәліметтер бойынша олардың арасында компьютерлік ойынға байланысты жанжал туындаған.

Related

Жантүршігерлік қылмыс: Атырауда зейнеткерді туысы өлтірген · Todayinfo