Todayinfo.kz
NewsView all articles

Жасанды интеллект көмегімен ым тілі қазақша "сөйлей" бастайды

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жасанды интеллект кафедрасының зерттеушісі Нұрзада Амангелді есту және сөйлеу қабілеті шектеулі азаматтарға арналған ым тілін қазақша бейімдеу жобасын – SignBridge бағдарламасын іске қосты. Жобаның мақсаты – жасанды интеллект тех

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Жасанды интеллект көмегімен ым тілі қазақша "сөйлей" бастайды

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жасанды интеллект кафедрасының зерттеушісі Нұрзада Амангелді есту және сөйлеу қабілеті шектеулі азаматтарға арналған ым тілін қазақша бейімдеу жобасын – SignBridge бағдарламасын іске қосты.

Жобаның мақсаты – жасанды интеллект технологиясын пайдалана отырып, қол қимылдары мен ерін формасын тану арқылы ым тілін мәтінге аудару. Бұл әдіс электронды ақпараттарды ым тіліне бейімдеп, қоғамдағы инклюзияны арттыруға бағытталған.

Өткен жылы ғалым «Құрмет» және «Ерен еңбегі үшін» медальдерімен марапатталып, жобасын пилоттық режимде апробациядан өткізді. Қазіргі таңда SignBridge технологиясы мектептер мен арнайы мекемелерде қолданыс табуда, осылайша есту және сөйлеу қабілеті шектеулі адамдардың ақпаратқа қолжетімділігі артырылуда.

Related

Жасанды интеллект көмегімен ым тілі қазақша "сөйлей" бастайды · Todayinfo