12 жастағы қарағандылық бала Қазақстандағы ең үздік дрон ұшқышы атанды
Он екі жасар Тимофей Муравьев Қазақстандағы ең үздік дрон ұшқышы атанды. Бұл атақты ол көктемгі MultiGP дрон жарысында жеңіп алды. Өткен жылы да ол елдегі № 1 дрон ұшқышы атағына ие болған. Оның қоржынында бірнеше қазақстандық және халықаралық біріншіліктердің марапаттары бар, де

Он екі жасар Тимофей Муравьев Қазақстандағы ең үздік дрон ұшқышы атанды. Бұл атақты ол көктемгі MultiGP дрон жарысында жеңіп алды. Өткен жылы да ол елдегі № 1 дрон ұшқышы атағына ие болған. Оның қоржынында бірнеше қазақстандық және халықаралық біріншіліктердің марапаттары бар, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарағандылық Тимофей Муравьев алты жасынан бастап дрон ұшырумен айналысады. Бұл қызығушылық оған әкесі Сергейден берілген.
Содан бері ол өз баласына дрондарды ұшырудың ерекшеліктерін үйрете бастаған. Әкелі-балалы бірігіп, NSPKazGeoScan командасын құрып, жарыстарда өнер көрсете бастаған.
Қазір әлемдегі ең ірі дрон-рейсинг жарыстары АҚШ-тың Майами қаласында өтуде. Оларды әлемнің 38 мыңнан астам ұшқыштарын біріктіретін MultiGP әлемдік лигасы өткізеді. Майамидегі жарыстарға тек үздіктер шақырылады. Көшбасшыларды анықтау үшін әр елде екі кезең – көктемгі және жазғы кезеңдер өткізіледі. Бұл жарыстарға арналған трассаларды MultiGP лигасының сайтында дауыс беру әдісімен таңдайды. Содан кейін қатысушы елдердің әрқайсысында осы трассаларды нақты құра отырып, іріктеу жарыстарын өткізеді.
Осындай іріктеудің көктемгі кезеңі Алматыда 3 және 4 мамырда өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша еліміздің үздік ұшқышы он екі жасар Тимофей Муравьев атанды.
Енді Тимофей алда жазғы іріктеу кезеңінен өтуі тиіс. Егер ол үздік атанса, Қазақстанның намысын Майамиде қорғай алады.
Естеріңізге сала кетейік, Тимофейдің халықаралық аренада өнер көрсету тәжірибесі бар. 2024 жылы ол Түркиядағы Әлем кубогына шақырылды. Оған барлығы 32 жоғары дәрежелі ұшқыш қатысты – әр қатысушы елден бір-бірден. Жас қарағандылық 17-ші орынды иеленді.
Сондай-ақ, Тимофей Сауд Арабиясында өткен әлем чемпионатында Қазақстанның намысын қорғады. Оған 155 ұшқыш қатысты. Олардың ішінен біліктілік турларының қорытындысы бойынша 64 қатысушы, оның ішінде Тимофей де негізгі кезеңге жетті. Жарыс қорытындысы бойынша ол әлемнің үздік 16 ұшқышының қатарына кіре алды.
Related

Karaganda Region
В Караганде начал работу VI Конгресс нейрохирургов Казахстана
Жаннұр Еділбаева·

Karaganda Region
Астанадан бір сағат ішінде: Балқаштың жаңартылған әуежайы алғашқы жолаушыларды қарсы алды
Жаннұр Еділбаева·

Karaganda Region
За час из Астаны: обновлённый аэропорт Балхаша встретил первых пассажиров
Жаннұр Еділбаева·

Karaganda Region
В Караганде появится новый центр для отдыха и развлечений
Айдар Керім·