«Соңғы екі жылда қылмыстық топтың көлеңкелі айналымы 15,5 миллиард теңгеден асты. Іс бойынша Попов Алексей Александрович, Ибрайымов Рақымжан Маматұлы, Сағындықов Серік Ерланұлына мемлекетаралық іздеу жарияланды. Олар қамауда ұстау шарасына ілікті», – деді Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.
Кемінде 15 миллиард теңге шығын: Қылмыстық топ Қазақстаннан вагон-вагон жанармайды ұрлап келген
Фото: Видеодан скриншот Қазақстанда екі жыл Қырғызстанға бензин экспорттап келген қылмыстық топ әшкере болды. Іс жалған құжаттардың арқасында жүзеге асты. Банданың көлеңкелі айналымы 15 миллиард теңгеден асты, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы КТК арна

Фото: Видеодан скриншот
Қазақстанда екі жыл Қырғызстанға бензин экспорттап келген қылмыстық топ әшкере болды. Іс жалған құжаттардың арқасында жүзеге асты. Банданың көлеңкелі айналымы 15 миллиард теңгеден асты, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы КТК арнасына сілтеме жасап.
Қылмыстық топ жанармайды Қазақстанда еріткіштер мен дистилляттар түрімен сатып алған. Жедел қызметкерлер Түрксіб стансациясында сегіз вагон цистернасын ұстады. Ішінде «Кара Май Ойл» шағын зауытынан жеткізілген АИ-92 маркалы бензин болған. Тағы 500 тоннасы Қырғызстанға бара жатқан.
Екі жылда қылмыскерлер осы шағын мұнай өңдеу зауытынан 102 мың тонна жанар-жағармай экспорттап үлгерген. Қылмыстық кәсіп ұйымдастырды деген үш күдіктіге іздеу жарияланды.
Related

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·