Todayinfo.kz
NewsView all articles

1,5 триллион теңге: Алматының үш жылдық бюджеті талқылауға шығарылды

Алматы қаласының алдағы үш жылға арналған үш жылдық бюджеті талқылауға шығарылды, деп хабарлайды Todayinfo. Алматы мәслихаты «Ашық НҚА» сайтында 2025-2027 жылдарға арналған қала бюджетін бекіту туралы шешімнің жобасын жариялады. Қоғамдық талқылау 28 қарашаға дейін жалғасады . Жоб

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
1,5 триллион теңге: Алматының үш жылдық бюджеті талқылауға шығарылды
Алматы қаласының алдағы үш жылға арналған үш жылдық бюджеті талқылауға шығарылды, деп хабарлайды Todayinfo. Алматы мәслихаты «Ашық НҚА» сайтында 2025-2027 жылдарға арналған қала бюджетін бекіту туралы шешімнің жобасын жариялады. Қоғамдық талқылау 28 қарашаға дейін жалғасады. Жобаға сәйкес, кірістер – 1 518 992 491,5 мың теңге, оның ішінде салықтық түсімдер – 1 383 649 508,6 мың теңге, салықтық емес түсімдер – 19 012 382,9 мың теңге. Ал негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 8 982 884 мың теңге, трансферттер түсімдері – 107 347 716 мың теңге. Шығындар – 1 674 161 511,5 мың теңге; Таза бюджеттік кредиттеу – 23 809 275,1 мың теңге.
"Қала бюджетінде жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерді қаржыландыру 19 735 991 мың теңге сомасында бекітілсін. Қоғамдық тәртіпті, қауіпсіздікті, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметті қамтамасыз ету бойынша шығындар 47 520 326 мың теңге сомасында бекітілсін", - делінген құжатта.
 
 

Related

1,5 триллион теңге: Алматының үш жылдық бюджеті талқылауға шығарылды · Todayinfo