Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Есерсоқ асаба, ессіз тобыр»: Ахметбек Нұрсила қазақ тойының әбден азып-тозғанын сынға алды

Қоғам белсендісі Ахметбек Нұрсила қазіргі қазақ тойларының мазмұны мен мәдени деңгейіне қатысты өткір пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінгі тойлардың кейбірі ұлттық құндылықтан алшақтап, орынсыз ойын-сауыққа айналып барады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Ол жуырд

By Айғаным Нариманова··1 min read
«Есерсоқ асаба, ессіз тобыр»: Ахметбек Нұрсила қазақ тойының әбден азып-тозғанын сынға алды
Қоғам белсендісі Ахметбек Нұрсила қазіргі қазақ тойларының мазмұны мен мәдени деңгейіне қатысты өткір пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінгі тойлардың кейбірі ұлттық құндылықтан алшақтап, орынсыз ойын-сауыққа айналып барады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Ол жуырда қатысқан тойлардың бірінде асабаның жүргізу мәнері мен ұйымдастыру деңгейі көңілінен шықпағанын айтады.
«Қазақтың қай деңгейге жеткенін тойдан-ақ көруге болады. Бір тойда асаба думанды жын-ойнаққа айналдырып жіберді. Көрмейін десем көзім, естімейін десем құлағым бар — амалсыз бәріне куә болдым», – дейді ол.
Белсендінің айтуынша, асаба ортаға бірнеше жұпты шығарып, экрандағы әрекеттерді қайталауды сұраған. Соның ішінде ер адамдарды «ат» қылып, әйелдердің үстіне міну секілді көріністер көрсетілген.
«Жас жұбайлар, балалар, үлкен кісілердің алдында мұндай әрекеттердің жасалуы — орынсыз. Бірақ отырғандардың ешқайсысы ескерту айтпады», – деп қосты ол.
Ахметбек Нұрсила мұндай жағдайда тек асабаны емес, оған еріп кететін қонақтарды да сынға алды.
«Асаба жауапты, бірақ оның айтқанын бұлжытпай орындап жүрген ересектер де ойлануы керек. Той — тәрбие алаңы болуы тиіс», – дейді ол.
Сонымен қатар, ол мұндай жағдайларда үндемей қалмай, пікірін ашық айтатынын жеткізді. Кейбір адамдардың «тойдың шырқын бұзбау керек» деген уәжімен келіспейтінін де жасырмады.

Related

«Есерсоқ асаба, ессіз тобыр»: Ахметбек Нұрсила қазақ тойының әбден азып-тозғанын сынға алды · Todayinfo