Todayinfo.kz
NewsView all articles

2025 жылы қазақстандық балаларға 235 мың теңге қаржы аударылады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы іске қосылатын «Келешек» жинақтау жүйесі туралы заңға қол қойды. Бұл бастама балаларға бастапқы білім беру капиталы мен қаржылық қолдау көрсетуге бағытталған, деп хабарлайды Todayinfo.kz . Фото: Todayinfo.kz «Келешек» жүйесінің н

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
2025 жылы қазақстандық балаларға 235 мың теңге қаржы аударылады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы іске қосылатын «Келешек» жинақтау жүйесі туралы заңға қол қойды. Бұл бастама балаларға бастапқы білім беру капиталы мен қаржылық қолдау көрсетуге бағытталған, деп хабарлайды Todayinfo.kz. Фото: Todayinfo.kz

«Келешек» жүйесінің негізгі шарттары

  • Бастапқы капитал: 2025 жылы 5 жасқа толған балалардың әрқайсысына мемлекет 60 МРП (235,9 мың теңге) көлемінде қаржы аударса, жетім балаларға 120 МРП (471,8 мың теңге) беріледі.
  • Ата-аналардың жарналары:
    • Әлеуметтік осал топтар үшін жылына 12 МРП (47,1 мың теңге).
    • Қалған санаттағы отбасылар үшін жылына 24 МРП (94,3 мың теңге).
  • Мемлекеттік сыйақы: Жинақталған сомаға мемлекет жыл сайын 5%-дан (әлеуметтік осал топтар үшін 7%-ға дейін) сыйақы қосады. Сонымен қатар, банктер мен сақтандыру компаниялары қосымша сыйақы береді.

Қаражатты қалай қолдануға болады?

18 жасқа толғаннан кейін жинақталған ақшаны келесі мақсаттарда қолдануға болады:
  • Қазақстанда немесе шетелде білім алу;
  • Грант иеленген жағдайда, ақшаны тұрғын үй сатып алу немесе жөндеу үшін пайдалану;
  • Екінші жоғары білім немесе магистратура алу;
  • Ақшаны өзге біреудің депозитіне аудару (құжаттармен расталған жағдайда).
Егер ата-аналар жылына ең аз 24 МРП көлемінде жарна аудармаған жағдайда, мемлекет бастапқы капиталды қайтарып алу құқығын иеленеді.

Қатысу тәртібі

«Келешек» бағдарламасына қатысу үшін ата-аналар банкте шот ашып немесе сақтандыру компаниясымен келісімшарт жасасуы қажет. Бағдарлама тек 2025 жылдың 10 қаңтарына дейін 5 жасқа толған балаларға арналған.

Жинақтың күтілетін нәтижелері

Үкіметтің есебінше, минималды жарнамен бала 18 жасқа дейін 3 млн теңгеден астам қаржы жинай алады. Егер бала қайтыс болса, жинақталған қаражат отбасы мүшелеріне беріледі.

Related

2025 жылы қазақстандық балаларға 235 мың теңге қаржы аударылады · Todayinfo