Todayinfo.kz
NewsView all articles

2026: Қазақ спортшылары үшін шешуші жыл болмақ – басты жарыстар кестесі шықты

2026 жылы Олимпиада, UFC, Азия ойындары және FIFA Кубогы сынды маңызды оқиғалар өтеді.

By Мұхтар Жексенбай··2 min read
2026: Қазақ спортшылары үшін шешуші жыл болмақ – басты жарыстар кестесі шықты

2026 жыл – қазақстандық спорт үшін шешуші кезең болғалы тұр. Миландағы Олимпиададан бастап UFC додаларына дейін отандық атлеттер басты ареналарда бой көрсетеді.

Бұл сайыстар тек жанкүйерлердің қызығушылығын арттырып қана қоймай, ел спортын жаңа белеске шығаруына себеп болуы мүмкін.

Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алдағы ақпанда Милан қысқы Олимпиада ойындарын қабылдайды. 6–22 ақпан аралығында өтетін жарысқа Қазақстаннан кемінде 34 спортшы қатысып, 10 спорт түрінде ел намысын қорғайды.

Назарлар, әсіресе, шорт-трек, фристайл, конькимен жүгіру және мәнерлеп сырғанаушыларға ауады. Команда формасы да көпшіліктің көңілінен шықты — ресми таныстырылым өтіп үлгерді.

Олимпиададан кейін, 6–13 наурыз аралығында паралимпиадашылар жарыс жолына шығады. Ербол Хамитов пен Александр Герлиц басты үміттер қатарында. Олар шаңғы жарысы мен биатлонда жүлдеден үмітті.

2026 жылы қазақстандық спортшылар қай жарыстарға қатысады?

Жазда Елдос Сметов татамиге қайта оралады. Токио Олимпиадасындағы алтыннан кейін үзіліс алған дзюдошы енді «алтын нашивкамен» жарысқа шығады — бұл мәртебе тек қолданыстағы чемпиондарға беріледі.

5–13 қыркүйек аралығында Бахрейнде күрес түрлерінен Әлем чемпионаты өтеді. Айдос Султанғали бұл додада атағын қорғауға тырысады. Мұндай мүмкіндік қазақстандық балуандарда өте сирек кездеседі.

Сондай-ақ Ризабек Айтмұхан да ерекше көңіл бөлуді қажет етеді — ол әлемдік деңгейдегі қарсыластарымен тепе-тең түсіп жүрген талант.

UFC жекпе-жектері мен Азия ойындары несімен қызықты?

2026 жыл Шавкат Рахмонов үшін маңызды болмақ. Жарақатынан кейін толығымен қалпына келген спортшы UFC-дегі титулдық белбеу үшін күресті жалғастырады.

28 ақпанда Асу Алмабаев Мексикалық Брендон Мореномен торға шығады. Бұл – отандық ММА фанаттары асыға күтіп отырған басты оқиға.

Сонымен бірге, Алиби Идрис UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізсе, Дияр Нургожай мен Бекзат Алмахан да ұйыммен келісімге жақындап қалды.

Ал 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Нагояда (Жапония) XX Жазғы Азия ойындары өтеді. Қазақстан құрамасы 500-ге жуық спортшымен 30 спорт түрінен бақ сынайды. Барлық назар – киберспорт пен брейкингке де бағытталмақ.

26 қаңтарда Алматыда әлем чемпиондары ғана ұстай алатын нағыз FIFA Кубогы көрсетіледі. Бұл — алтын трофейдің қаланы аралау турының бір бөлігі ғана.

Салмағы 6 келіден асатын алтын кубокты қолмен ұстау мүмкін болмаса да, әрбір адам тарихи суретке түсе алады.

Related