«Егер азамат МӘМС жүйесіне кемінде бес жыл қатарынан жарна төлеген болса, оның сақтандыру мәртебесі алты ай бойы сақталмақ. Мұндай жағдайға көбіне жұмысынан айырылып, уақытша жұмыссыз қалған адамдар тап болуы мүмкін. Бірақ бұл жеңілдікті жүйедегі барлық төлеушілер бірдей қолдана алады», – деді МСҚ Алматы қалалық филиалының директоры Ілияс Мұхамеджан.Бұл өзгерістер жұмысынан айырылған немесе уақытша қаржылық қиындықтарға тап болған тұрғындардың медициналық көмектен қағылмауын қамтамасыз етеді. Бірақ табыс тұрақтанғаннан кейін төленбеген айлар үшін берешекті өтеу қажет болмақ. Жарна төленбей қалған айлар үшінтөлемді дербес төлеуші ретінде төлеуге болады. 2026 жылы бұл санаттағы азаматтар үшін ай сайынғы жарна мөлшері 4 250 теңгені құрайды. Айта кету керек, қазіргі қолданыстағы нормаға сәйкес, төлемдер тоқтаған жағдайда сақтандырылған мәртебесі 3-ақ ай сақталады. Алдағы уақытта бұл талап та сақталып қалмақ.
2026 жылдан сақтандыру статусы 6 айға дейін сақталады
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап МӘМС жүйесіне кемі бес жыл бойы тұрақты жарна төлеген азаматтардың мәртебесі төлем уақытша тоқтаған жағдайда да алты ай бойы сақтандырылады. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалы хабарлады. «Міндетті әлеуметтік м

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап МӘМС жүйесіне кемі бес жыл бойы тұрақты жарна төлеген азаматтардың мәртебесі төлем уақытша тоқтаған жағдайда да алты ай бойы сақтандырылады. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалы хабарлады.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңға енгізілген өзгерістер аясында қабылданған жаңа норма бұрын МӘМС жүйесіне тұрақты жарна төлеп келген, бірақ уақытша табыссыз қалған азаматтарға қатысты.
Related

News
ЦИК: агитация стартует сегодня после 18.00 и завершается 22 августа в 00.00
Жаннұр Еділбаева·

News
ОСК: Сайлау алдындағы үгіт бүгін сағат 18:00-ден кейін басталып, 22 тамыз күні сағат 00:00-де аяқталады
Жаннұр Еділбаева·

News
ЦИК аккредитовала еще 10 международных наблюдателей на выборы
Жаннұр Еділбаева·

News
Орталық сайлау комиссиясы тағы 10 халықаралық байқаушыны аккредиттеді
Жаннұр Еділбаева·