«Соғыс және тыл ардагерлеріне құрмет көрсетіледі, ешкім де елеусіз қалмайды. Концерттер мен көрмелер өтеді, деректі фильмдер мен бағдарламалар түсіріледі. Сондай-ақ тарихи кітаптар мен фотоальбомдар шығарылады. Жауынгерлеріміздің есімін ел жадында сақтау үшін зерттеу жұмыстары жалғаса береді», - деді Тоқаев.
«2,5 миллиард теңге жұмсалмақ»: Қазақстанда бес жылда алғаш рет әскери шеру өтпек
Фото: akorda.kz Жеңістің 80 жылдығына орай Астанада әскери парад өтеді. Парадқа 2,5 миллиард теңге жұмсау жоспарлануда, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қаражат жанар-жағармайға, қосалқы бөлшектерге, іссапарлар мен әскерлерді

Фото: akorda.kz
Жеңістің 80 жылдығына орай Астанада әскери парад өтеді. Парадқа 2,5 миллиард теңге жұмсау жоспарлануда, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қаражат жанар-жағармайға, қосалқы бөлшектерге, іссапарлар мен әскерлердің қозғалысына және киім тігуге жұмсалады екен. Жеңістің 80 жылдығына арналған шеру үш кезеңнен тұрады. Алдымен әскерилердің маршы ұйымдастырылады. Артынша әскери техникалар көрсетіліп, соңында ұшақ ұшып өтеді.
Айта кетейік, Қазақстанда 2020 жылдан бері әскери шерулер өткізілмеген еді. Сондықтан Тоқаев жеңістің 80 жылдығын тойлау 2025 жылы күн тәртібінде тұрған маңызды оқиға екенін айтты.
Related

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·