26 жастағы адам қаза болды: автобус пен жүк көлігі соқтығысты (ВИДЕО)
Қарағанды – Теміртау тас жолында ірі жол апаты орын алды. Автобус жүк көлігінің кузовына соғылып, салдарынан бір жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Жол-көлік оқиғасы 16:30 шамасында, Қарағандыдан Теміртауға бағыт алған жолдың бірінші шақырымынд

Қарағанды – Теміртау тас жолында ірі жол апаты орын алды. Автобус жүк көлігінің кузовына соғылып, салдарынан бір жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Жол-көлік оқиғасы 16:30 шамасында, Қарағандыдан Теміртауға бағыт алған жолдың бірінші шақырымында болған. Автобус қатты соққыға ұшырап, кабинасының оң жағы қатты майысты.
Автобуста барлығы төрт жолаушы болған. Өкінішке қарай, 26 жастағы жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды. Қалған жолаушылардың жағдайы нақтылануда.
Құқық қорғау органдары бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғап, тиісті сараптамалар тағайындады. Оқиғаның нақты себептері анықталуда.
Related

Regions
В Конаеве состоялось торжественное мероприятие ко Дню государственных символов
Айғаным Нариманова·

Regions
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Айғаным Нариманова·

Regions
В рамках программы «Таза Қазақстан» в области Ұлытау прошли экологические челленджи
Айғаным Нариманова·

Regions
Более четырёх тысяч человек собрались на площади Государственных символов в Караганде
Айғаным Нариманова·