Todayinfo.kz
NewsView all articles

260 млн теңгені қалтасына басып, он жылдан бері қашып жүрген күдікті Дубайда ұсталды

Аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды. Бүгін Бас прокуратура мен ІІМ қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдікті Ш-ны аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Біріккен Араб Әмір

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
260 млн теңгені қалтасына басып, он жылдан бері қашып жүрген күдікті Дубайда ұсталды
Аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды.

Бүгін Бас прокуратура мен ІІМ қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдікті Ш-ны аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадициялады.

Ол 2010 жылы танысын алдау арқылы банктен несие алу үшін кепілдік беруші ретінде әрекет етуге көндірген және ақшаны алғаннан кейін жасырынып, жәбірленушіге 260 миллион теңгеден астам шығын келтірді деген күдікке ілінген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, 10 жылдай халықаралық іздеуде болған.

Өткен жылдың соңында ол Біріккен Араб Әмірліктерінде ұсталды.

Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 

Related

260 млн теңгені қалтасына басып, он жылдан бері қашып жүрген күдікті Дубайда ұсталды · Todayinfo