Алматы облысында балабақша басшылары 134 млн теңге ұрлаған
Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Іле ауданының 7 жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшыларына қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Todayinfo . Олар 2023 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында мемле

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Іле ауданының 7 жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшыларына қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Todayinfo.
Олар 2023 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында жалған орындалған жұмыстар актілерін беру арқылы жалпы сомасы 134 млн теңгеден аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталуда.
Сотқа дейінгі тергеумен аталған мектепке дейінгі ұйымдардың іс жүзінде тек құжаттар бойынша бар екені анықталды.
Қылмыстық істің материалдары сотқа жолданды.
Сондай-ақ, жеке өндіріспен «ҚР ДСМ СЭБК Алматы облысының СЭБД Іле аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ 4 лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды.
Жоғарыда аталған мекеменің мамандары іс жүзінде жұмыс істемейтін балабақшалардың басшыларына мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға негіз болған жалған қорытындылар берді.
Қазіргі уақытта айыпталушылар сотқа тартылды.
фото: ашық дереккөзден
Related

News
Зейнетақы жинақтарына қатысты өзгеріс енгізілді
Жаннұр Еділбаева·

News
Мемлекет басшысы Швеция Королін құттықтады
Жаннұр Еділбаева·

News
Новое уголовное дело появилось в расследовании ДТП на Аль-Фараби
Жаннұр Еділбаева·

News
Снявших ролик в общественном туалете астанчан привлекли к ответственности
Жаннұр Еділбаева·