Todayinfo.kz
NewsView all articles

«3-4 бөлмелі пәтер берсе»: жақында 12-ші баласын босанған маңғыстаулық әйел үй сұрады

Маңғыстау облысында 12-інші перзентін өмірге әкелген 35 жастағы алтын құрсақты ана үйінің тарлық етіп жатқанын айтты. Бұған дейін отбасыға жергілікті әкімдік 2 бөлмелі пәтер берген екен, деп хабарлайды Todayinfo КТК арнасына сілтеме жасап. Одан бері бұл отбасыға жаңа мүшелер қосы

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
«3-4 бөлмелі пәтер берсе»: жақында 12-ші баласын босанған маңғыстаулық әйел үй сұрады
Маңғыстау облысында 12-інші перзентін өмірге әкелген 35 жастағы алтын құрсақты ана үйінің тарлық етіп жатқанын айтты. Бұған дейін отбасыға жергілікті әкімдік 2 бөлмелі пәтер берген екен, деп хабарлайды Todayinfo КТК арнасына сілтеме жасап. Одан бері бұл отбасыға жаңа мүшелер қосылып, адам саны көбейген. Қуықтай екі бөлмеде кішкентайлар да емін-еркін аунап-қунап ойнай алмайды. Алтын алқалы ананың қазір 2 ұл, 10 қызы бар. Бір қызығы, әулетінің үлкен келіні Ақмоншақ Жақсылықованың туған анасы да, өз енесі де тоғыз баланы дүниеге әкеліпті.
«2020 жылы осы екі бөлмелі пәтерді алдым. Алтыншы баламды босанған уақытымда алтын алқамен қоса берілді. Рақметімді айтамын. Енді осы алдағы уақытта күтіп отырғанымыз – балаларымның алды, міне, 14-ке келді. Өсіп келе жатыр. Соған қарай үш-төрт бөлме берсе деген үміттеміз. Сол - мақсатымыз»,- деді Ақмоншақ Жақсылықова.
Еске салайық, 29 мамырда  Мұнайлы ауданының 35 жастағы тұрғыны 12-ші дүниеге әкелген. Әйел 2011, 2012, 2013, 2014, 2016, 2017, 2019, 2020, 2021, 2022, 2024 және 2025 жылдары босанған. Балаларының барлығы аман-есен.

Related

«3-4 бөлмелі пәтер берсе»: жақында 12-ші баласын босанған маңғыстаулық әйел үй сұрады · Todayinfo