"Мемлекеттік органдар негізсіз тағайындаған 600 тексерудің, оның ішінде екәсіпкерлерге қатысты 300-ден астам тексерудің жолы кесілді. Тексерулерді тіркеу және есепке алу саласында бұзушылықтарға жол берген мемлекеттік органдардың 342 лауазым иесі түрлі жауапкершілікке тартылды.Комитеттің Алматы облысы бойынша департаменті тексерулерді тіркеу жөніндегі заңнама талаптарын сақтау мәселесі бойынша жүргізілген талдау шеңберінде жер ресурстарын басқару департаменті тарапынан кәсіпкерлерге қатысты ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымсыз пайдалану, құқықтық статистиканың уәкілетті органдарында тағайындау және тіркеу туралы актісін шығармай заңсыз тексерулер жүргізудің 111 фактісін анықтады. Сондай-ақ, комитеттің әскери департаменті Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметіне жүргізілген жоспарлы тексерудің нәтижесінде шағын және орта бизнес субъектілеріне қатысты заңсыз тексерудің 6 фактісін анықтады. Қабылданған прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесі бойынша бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
300-ден аса шенеунік жауапқа тартылды
6 сәуірде мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Аталған заң мемлекет тарапынан тексерулер мен бақылаудың өзге де нысандарын

6 сәуірде мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Аталған заң мемлекет тарапынан тексерулер мен бақылаудың өзге де нысандарын ретке келтіруге, сондай-ақ тексерулер жүргізудің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Енді бақылау мақсатында сатып алу, тергеп-тексеру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы, сондай-ақ мемлекеттік органдарға қатысты жүргізілген тексеру нәтижелері туралы құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға хабарлау қажет. Осыған байланысты, тексерулерді тағайындау туралы актілерді тіркеудің салалық қағидаларына тиісті түзетулер енгізіліп жатыр.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің статистикалық деректеріне сәйкес, осы жылдың өткен кезеңінде бақылау және қадағалау органдарымен 32 мыңнан астам, оның ішінде бизнес субъектілеріне қатысты 16 мың тексеру тіркелді.
Related

News
Житель Павлодара пытался поджечь подъезд жилого дома
Жаннұр Еділбаева·

News
Пять человек пострадали в ДТП на трассе Астана – Петропавловск
Жаннұр Еділбаева·

News
Проект Almaty SuperSki переходит к этапу практической реализации: Совет директоров принял ряд решений
Жаннұр Еділбаева·

News
Совет директоров холдинга «Байтерек» утвердил решения по расширению финансирования реального сектора экономики
Жаннұр Еділбаева·