35 млн теңге: Өскеменде ХҚКО басшысы сотталды
Шығыс Қазақстан облысында ХҚКО бөлімінің басшысы мен 2 қызметкері жүргізуші куәлігін алу емтиханында азаматтарға көмектесіп, олардан заңсыз ақша алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Todayinfo. Сот мәліметіне сәйкес, Өскемендегі мамандандырылған ХҚКО бөлімінің басшысы мен оның екі

Шығыс Қазақстан облысында ХҚКО бөлімінің басшысы мен 2 қызметкері жүргізуші куәлігін алу емтиханында азаматтарға көмектесіп, олардан заңсыз ақша алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Todayinfo.
Сот мәліметіне сәйкес, Өскемендегі мамандандырылған ХҚКО бөлімінің басшысы мен оның екі қызметкері ақпан, қазан айлары аралығында азаматтардан жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыруға көмектескеніне 35 миллион теңгеге жуық заңсыз сыйақы алған.
Соттың шешімі бойынша, ХҚКО бөлімінің басшысына 500 АЕК (1 725 000 теңге) көлемінде айыппұл салынып, мемлекеттік және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан 1 жылға айырылды.
Қызметкерлердің бірі осындай айыппұл арқалап, 1 жылға басшылық қызметтен шеттетілді. Ал екінші қызметкердің бас бостандығы 3 жылға шектеліп, қылмыстық жолмен табылған ақшаға сатып алынған мүлкі тәркіленді.
Соттың үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Related

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·