Todayinfo.kz
NewsView all articles

400 мың теңге: Тәуелсіздік күніне орай біржолғы ақшалай төлем беріледі

Фото: istockphoto.com Астанада Тәуелсіздік күніне орай азаматтардың жекелеген санатына біржолғы ақшалай әлеуметтік төлем қарастырылған. Бұл әлеуметтік көмек 1986 жылғы 16-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан саяси қуғын-сүргін құрбандарына көрсетіледі, деп хабарлайды Todayinfo.kz по

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
400 мың теңге: Тәуелсіздік күніне орай біржолғы ақшалай төлем беріледі
Фото: istockphoto.com
Астанада Тәуелсіздік күніне орай азаматтардың жекелеген санатына біржолғы ақшалай әлеуметтік төлем қарастырылған. Бұл әлеуметтік көмек 1986 жылғы 16-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан саяси қуғын-сүргін құрбандарына көрсетіледі, деп хабарлайды Todayinfo.kz порталы. 
Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше:
 «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне (16 желтоқсан) орай, “Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы” ҚР Заңына сәйкес ақталған, 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан саяси қуғын-сүргін құрбандарына 60 АЕК мөлшерінде біржолғы ақшалай әлеуметтік көмек көзделген».
Біржолғы ақшалай әлеуметтік төлемді қала әкімдіктері жүргізіп жатыр: Жетісу мен Қостанай облыстарында – 200 мың теңге Қызылорда, Ақтөбе, Ақтау облыстарында – 220 мың теңге Ақмола облысы мен бас қалада да осындай сомма берілмек. Алматы қаласында – 250 мың теңге Қарағанды облысы 400 мың теңге бермек.

Related

400 мың теңге: Тәуелсіздік күніне орай біржолғы ақшалай төлем беріледі · Todayinfo