Todayinfo.kz
NewsView all articles

43 мың адам тұратын ауылға қауіп төніп тұр: тұрғындар көшіруді сұрайды

Маңғыстау облысында жер асты суларының көтерілуі тұрғындарға қиындық туғызуда. Соның салдарынан кейбір ауыл тұрғындары үйлерін уақытша тастап кетуге мәжбүр болған. Мұндай жағдай Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылында байқалып отыр. КТК телеарнасының мәліметінше, ауыл халқы би

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
43 мың адам тұратын ауылға қауіп төніп тұр: тұрғындар көшіруді сұрайды
Маңғыстау облысында жер асты суларының көтерілуі тұрғындарға қиындық туғызуда. Соның салдарынан кейбір ауыл тұрғындары үйлерін уақытша тастап кетуге мәжбүр болған. Мұндай жағдай Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылында байқалып отыр. КТК телеарнасының мәліметінше, ауыл халқы биліктен өздерін қауіпсіз аймаққа көшіруді сұраған. Алайда аудандық әкімдік тұрғындарды көшіру мәселесі тек үйлер ресми түрде апатты деп танылған жағдайда ғана қарастырылатынын айтқан. Қазіргі таңда шамамен 43 мың адам тұратын Атамекен ауылында әзірге үш үй ғана апатты деп танылған. Тұрғындардың сөзінше, мұндай мәселе жыл сайын қайталанып отырады. Олар көктем мезгілінде жер асты сулары көтеріліп, жаз бойы сақталатынын, ал күзде қайта жиналатынын айтады. Қазір суды азайту үшін арнайы вакуумдық сорғылармен айдап шығару жұмыстары жүргізілуде. Дегенмен ауыл тұрғындары сорылған су біраз уақыт өткен соң қайта жиналатынын жеткізді. Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Асхат Нұрмұханның айтуынша, жағдайды реттеу үшін бірқатар уақытша шаралар қолға алынған.
“Жерасты суларының көтерілуіне байланысты тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта дренаждық жүйелер орнатылуда. Бүгінде 20 жүйе іске қосылды, ал алдағы уақытта тағы 5–6 жүйе қосу жоспарланып отыр. Сондықтан мәселе бақылауда”, – деді әкімдік өкілі.
Фото: gov.kz

Related

43 мың адам тұратын ауылға қауіп төніп тұр: тұрғындар көшіруді сұрайды · Todayinfo