Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларView all articles

"49 грамм үшін": Индонезияда екі қазақстандық өлім жазасына тартылмақ

Олар Балиде есірткімен байланысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген Индонезияда екі қазақстандық өлім жазасына кесілуі мүмкін, деп хабарлайды Todayinfo сайты. Бұл туралы ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігі растады. Олар Балиде есірткімен байланысты қылмыс жасады деген күдікке

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
"49 грамм үшін": Индонезияда екі қазақстандық өлім жазасына тартылмақ
Олар Балиде есірткімен байланысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген
Индонезияда екі қазақстандық өлім жазасына кесілуі мүмкін, деп хабарлайды Todayinfo сайты. Бұл туралы ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігі растады. Олар Балиде есірткімен байланысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген. Жергілікті Бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, Қазақстанның екі азаматы сәуір айында ұсталып, олардан 49 граммға жуық метамфетамин тәркіленген. Күдіктілер есірткі таратты деп айыпталған. Сыртқы істер министрлігі осы оқиғаға қатысты ресми түсінік берді.
«Қазір аталған азаматтарға қатысты Индонезияның құзырлы органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Қазақстанның Джакартадағы елшілігі тергеу органдарымен және күдіктілердің туыстарымен байланыста жұмыс істеп жатыр. Бұл мәселе қазақстандық дипломаттардың ерекше бақылауында», - делінген СІМ таратқан ақпаратта.
Ескерер жайт, ресми Индонезия заңнамасында көзделгендей – есірткіні сақтау және оның заңсыз айналымы үшін өлім жазасы қарастырылған.

Related

"49 грамм үшін": Индонезияда екі қазақстандық өлім жазасына тартылмақ · Todayinfo