Todayinfo.kz
NewsView all articles

«5 баланы үйінді астынан көршілер алып шыққан»: Түркістан облысында газ баллоны тұрғын үйді жермен жексен қылды 

Түркістан облысында газ баллоны жарылып, адамдар зардап шекті. Жарылыстан үйдің сау тамтығы қалмаған. Үйінді астында 5 бала қалып қойған, деп Тodayinfo  ақпараттық порталы. Оқыс оқиға кешкі уақытта болған. «Созақ ауданы, Аққолтық ауылы, Арқабаев көшесі 21 жеке тұрғын үйде тұ

By Айғаным Нариманова··1 min read
«5 баланы үйінді астынан көршілер алып шыққан»: Түркістан облысында газ баллоны тұрғын үйді жермен жексен қылды 
Түркістан облысында газ баллоны жарылып, адамдар зардап шекті. Жарылыстан үйдің сау тамтығы қалмаған. Үйінді астында 5 бала қалып қойған, деп Тodayinfo ақпараттық порталы. Оқыс оқиға кешкі уақытта болған.
«Созақ ауданы, Аққолтық ауылы, Арқабаев көшесі 21 жеке тұрғын үйде тұрмыстық газ балонынан газ-ауа қоспасының жарылысы  орын алып 180 ш.м. тұрғын үй толығымен қираған, өртсіз»,  - деп хабарлады Созақ ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Ақбаев Қанат.
Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін көршілері үйінді астынан термиялық күйік шалған 6 адам, оның ішінде 5 баланы алып шығып ауруханаға жеткізген.
«Жарылыс салдары анықталуда. Сағат 21:40 та қираған үйіндіні ашу жұмыстары барысында 20 ш.м. қираған төбе жаппасының жануы орын алды. Өрт сағат 21:55-те оқшауланып, сағат 23:12-де толық сөндірілді. Оқиға орнынаТЖД өрт-сынақ зертханасы және анықтау бөлімі мен психолог, ТЖД (20 жеке құрам және 5 техника), ТЖД ЖҚЖ (6 жеке құрам, 1 техника және 1 киналогиялық есеп), ДП (10 жеке құрам және 3 техника), ЖАО (7 адам 2 техника), Прокуратура(2 қызметкер 1 техника) шықты», -делінген хабарламада.

Related

«5 баланы үйінді астынан көршілер алып шыққан»: Түркістан облысында газ баллоны тұрғын үйді жермен жексен қылды  · Todayinfo