Todayinfo.kz
NewsView all articles

50 жылдан кейінгі алғашқы көрініс: NASA Айдың арғы бетінде не барын көрсетті

NASA «Artemis II» миссиясы аясында Айдың 50 жылдан астам уақыт бойы адам көзіне түспеген арғы бетінің бірегей кадрларын жариялады.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
50 жылдан кейінгі алғашқы көрініс: NASA Айдың арғы бетінде не барын көрсетті

Араға 50 жылдан астам уақыт салып, NASA «Artemis II» миссиясы арқылы Айдың Жерден көрінбейтін арғы бетін тағы да көрсетті, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Бұл тарихи оқиға ғарышты зерттеудегі жаңа кезеңді бастап берді. Айдың «қараңғы» бетін адамзат соңғы рет 1972 жылы «Apollo 17» миссиясы кезінде көрген болатын. Енді «Artemis II» экипажының мүшелері бұл көріністі өз көздерімен тамашалаған алғашқы астронавтар ретінде тарихқа енді.

NASA-ның бұл миссиясы – адамзаттың Айға қайта оралуын және оны Марсқа сапар шегу үшін аралық база ретінде пайдалануды көздейтін ауқымды бағдарламаның маңызды бөлігі саналады. Бұл бірегей сәтті бүкіл әлем тікелей эфир арқылы бақылауға мүмкіндік алды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Related

50 жылдан кейінгі алғашқы көрініс: NASA Айдың арғы бетінде не барын көрсетті · Todayinfo