Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларView all articles

«60 миллион теңге талап етіп отыр, жұмыссыз қалдым»: Қылмыскер Абзал Шынасыл анасында еңіретіп кетті

Шерзат Полат өліміне қатысты сотта 23 жылға сотталған Абзал Шынасылдың анасы Ақбота Есбергенова қазіргі жағдайы жайлы баяндады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. «Жағдай өте қиын. Ұлыма көп жыл берілді, мен бұл үкіммен келіспеймін. Ол жасағанын мойындады, сотта да "ө

By Айғаным Нариманова··1 min read
«60 миллион теңге талап етіп отыр, жұмыссыз қалдым»: Қылмыскер Абзал Шынасыл анасында еңіретіп кетті

Шерзат Полат өліміне қатысты сотта 23 жылға сотталған Абзал Шынасылдың анасы Ақбота Есбергенова қазіргі жағдайы жайлы баяндады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

«Жағдай өте қиын. Ұлыма көп жыл берілді, мен бұл үкіммен келіспеймін. Ол жасағанын мойындады, сотта да "өзім істегенімді айттым, басқа ештеңе жасаған жоқпын" деді. Сол ісі үшін жазаланып отыр», – дейді Ақбота Есбергенова «Ел дауысы» бағдарламасында.

Оның айтуынша, сот процесі де отбасы үшін ауыр өткен.

«Қазір менің де жағдайым нашар. 60 миллион теңге талап етіп отыр. Біз оны төлеуге қауқарсызбыз – не үйіміз жоқ, не төлейтін мүмкіндігіміз. Ұлым сол жақта жұмыс істеп, қарызын өтесе екен дейміз. Осы сот процесінің өзінен қатты қиналдық, екі ай бойы шапқылап жүріп, жұмыссыз қалдым, – деді ол.

Related

«60 миллион теңге талап етіп отыр, жұмыссыз қалдым»: Қылмыскер Абзал Шынасыл анасында еңіретіп кетті · Todayinfo