6,5 мыңнан астам нөмірді алаяқтық үшін пайдаланған
Жетісу облысында 29 жастағы тұрғынның үйінен 7 дана «Sim-Box» құрылғысы, роутерлер, компьютерлер, ноутбуктер, ұялы телефондар және 6,5 мыңнан астам ұялы байланыс операторларының SIM карталары тәркіленді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. «Sim-Box» құрылғысы алаяқтар

Жетісу облысында 29 жастағы тұрғынның үйінен 7 дана «Sim-Box» құрылғысы, роутерлер, компьютерлер, ноутбуктер, ұялы телефондар және 6,5 мыңнан астам ұялы байланыс операторларының SIM карталары тәркіленді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
«Sim-Box» құрылғысы алаяқтар тарапынан жаппай телефон қоңырауларын генерациялау, хабарламалар тарату және абонент нөмірлерін ауыстыру үшін кеңінен қолданылады.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 213-бабы («Абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгертуге мүмкіндік беретін бағдарламаларды заңсыз пайдалану») бойынша сотқа дейінгі тергеп- тексеру басталды.
Күдікті қамауға алынды.
Бұл соңғы екі айда «Sim-Box» құрылғысын пайдаланудың екінші анықталған жағдайы.
Облыс прокуратурасы азаматтарды сақ болуға, оңай табыс ұсынатын күмәнді жұмыс берушілердің ұсыныстарына ермеуге, телефон алаяқтарын әшкерелеу үшін күдікті қоңыраулар туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.
Related

News
KIMEP controversy: Ex-dean exposes professor's sexual harassment past
Todayinfo редакциясы·

News
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
Жаннұр Еділбаева·

News
Государственный советник Ерлан Карин провел заседание Национальной комиссии Казахстана по делам ЮНЕСКО и ИСЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

News
Пенсионные деньги должны обеспечивать старость, а не решать текущие проблемы — финансист
Жаннұр Еділбаева·