7 есе жоғары баға: Кәрім Мәсімовтың самурай қылышы аукционда сатылды
20 ақпанда электронды сауда алаңында тергеу барысында тәркіленіп, Қайтарылған активтерді басқару компаниясының қарауына өткен самурай қылышы мен ұлттық өрнекті былғары белдік сатылды, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі Tengrinews - ке сілтеме жасап. Құжаттарда аталған бұйымдар си

20 ақпанда электронды сауда алаңында тергеу барысында тәркіленіп, Қайтарылған активтерді басқару компаниясының қарауына өткен самурай қылышы мен ұлттық өрнекті былғары белдік сатылды, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі Tengrinews- ке сілтеме жасап.
Құжаттарда аталған бұйымдар сипаттамасы Кәрім Мәсімовтің резиденциясына сәйкес келетін үйден алынған мүлік ретінде көрсетілген.
Аукцион қорытындысы бойынша самурай семсері 3 413 825 теңгеге өтті. Бұл оның бастапқы бағасынан жеті еседен астам жоғары. Саудаға алты үміткер қатысқан. Ал металл және күміс қақтамамен безендірілген былғары белдік 524 261 теңгеге сатылды. Бұл лотқа төрт адам қатысқан.
Бұған дейін семсер сатылғанымен, жеңімпаз төлем жасамауына байланысты келісім күшін жойған. Белдікті сатып алатын адам болмаған.
Фото: e-qazyna
Related

News
ЦИК аккредитовала еще 10 международных наблюдателей на выборы
Жаннұр Еділбаева·

News
Орталық сайлау комиссиясы тағы 10 халықаралық байқаушыны аккредиттеді
Жаннұр Еділбаева·

News
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
Жаннұр Еділбаева·

News
«КИСИ GPS»: в Петропавловске обсудили новую Конституцию и роль регионов в ее реализации
Жаннұр Еділбаева·