Абай облысында 50 жұмысшы мінген автобус аударылды
Абай облысында 50 вахташы мінген автобус жол апатына ұшырады. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік жыраға аударылып қалған. Зардап шеккендер бар.

Абай облысында вахташыларды тасымалдаған автобус жолдан шығып, аударылып қалды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Ірі жол-көлік оқиғасы 31 қаңтар күні таңертең Семей-Қайнар тасжолының 62-ші шақырымында болған. Знаменка ауылының маңында SETRA маркалы автобустың 52 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, салдарынан көлік жыраға түсіп, бір жағына аударылған.
Автобус салонында жұмыс ауысымына бара жатқан 50 жолаушы болған. Апаттың ауқымды болғанына қарамастан, қаза тапқандар жоқ. Зардап шеккендердің өміріне қауіп төндірмейтін жарақаттар алғаны хабарланды. Дәрігерлер оларға қажетті көмекті көрсетті.
Қазіргі уақытта облыстық полиция департаменті аталған дерек бойынша тексеру жүргізіп, оқиғаның нақты себептерін анықтап жатыр.
Фото: Әлеуметтік желіден
Related

News
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

News
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·

News
Мәдениет үйлері мен заманауи музейлер: Қазақстанда мәдениет саласын дамыту жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр
Жаннұр Еділбаева·

News
Олжас Бектенов провел совещание по вопросам завершения весенне-полевых работ и развития АПК
Жаннұр Еділбаева·