Абай облысында босануға барған әйел сәбиімен бірге көз жұмды
Абай облысының Үржар ауданында 34 жастағы жүкті әйел Гүлнәр Қайратқызы босану кезінде көз жұмды. Дәрігерлер нәрестенің де өмірін сақтап қала алмады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Марқұмның жұбайы Ұлан Балапановтың айтуынша, әйелінің денсаулығында ешқанд

Абай облысының Үржар ауданында 34 жастағы жүкті әйел Гүлнәр Қайратқызы босану кезінде көз жұмды. Дәрігерлер нәрестенің де өмірін сақтап қала алмады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Марқұмның жұбайы Ұлан Балапановтың айтуынша, әйелінің денсаулығында ешқандай мәселе болмаған. Алайда босанудан кейін бірнеше күн өткен соң, ана мен бала өмірден озған. Ол дәрігерлердің біліксіздігінен жақындарынан айырылғанын мәлімдеді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл оқиға бойынша қызметтік тексеру жүргізіп, аудандық аурухана бас дәрігеріне қатаң сөгіс жариялағанын хабарлады. Екі орынбасары жұмыстан босатылғанымен, көп ұзамай сол ауруханада қайта тағайындалғаны жұртшылықтың наразылығын тудырды.
31 арна хабарлағандай, қазіргі уақытта полиция босану кезіндегі өлімге қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі аудандық ауруханаларды тексеріп, өлімнің нақты себебін анықтауға уәде берді.
Related

Society
Маңғыстауда 12 жастағы бала ауладағы әткеншекте көз жұмды
Айдар Керім·

Society
Перизат Қайрат пен Бишімбаевқа рақымшылық жасала ма? – ІІМ ресми жауап берді
Айғаным Нариманова·

Society
Ата-ана соңғы қоңырау күні қыздарына сыйлаған гүлін несиеге алған – Жарқынбек Амантайұлы
Айдар Керім·

Society
Маңғыстау облысы: ауладан баланың мәйіті табылды
Айдар Керім·